2026 жылғы 23 сәуір күні Мақаншы орманшылығы маңызды экологиялық шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, орманшылық басшысының көмекшісі Е.Шакиров пен мемлекеттік инспекторлары Көктерек ауылының мектеп оқушыларымен бірлесе отырып, «Таза Қазақстан» Жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы мен «Парктер шеруі – 2026» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Болашақты бірге отырғызамыз!» атты экологиялық акция өткізді.
 
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу және ел аумағын көгалдандыруға үлес қосу болды. 
 
Акция барысында оқушылар белсенділік танытып, ағаш отырғызу жұмыстарына ерекше ынтамен қатысты.
 
Нәтижесінде, шара аясында 150 түп терек көшеті отырғызылды. Бұл – тек көгалдандыру жұмысы ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпаққа қалдырылатын маңызды экологиялық мұра. Оқушылар үшін бұл күн табиғатты қорғаудың маңызын түсінуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікті сезінуге үлкен мүмкіндік берді.
 
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
 
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95