Секіргіш кесіртке (лат. Lacerta agilis) — бауырымен жорғалаушылар класына жататын, өте шапшаң әрі епті жануар. Ұлттық парктің таулы және далалы аймақтарында тіршілік етеді. Ғылыми тұрғыдан бұл жануар Phrynocephalus туысына жатады.
Сыртқы келбеті.
Секіргіш кесірткелердің денесі шағын, ұзындығы әдетте 10–20 см шамасында болады. Түсі қоршаған ортасына байланысты. Бұл оларға жауларынан жасырынуға көмектеседі. Артқы аяқтары жақсы дамыған, сондықтан олар ұзақ қашықтыққа секіре алады.
Қоректенуі.
Секіргіш кесірткелер күндіз белсенді, ал түнде індеріне тығылады. Жәндіктермен қоректенеді. Олардың негізгі азығы — құмырсқалар, қоңыздар және ұсақ бунақденелілер. Кейде олар өсімдіктердің ұсақ бөліктерін де жей алады.
Ерекшеліктері.
Бұл кесірткелердің ең қызықты қасиеті — олардың ерекше қозғалысы. Қауіп төнген кезде олар өте жылдам жүгіріп, кенеттен секіріп кетеді. Осы қабілетінің арқасында оларды «секіргіш» деп атайды.
Маңызы.
Секіргіш кесірткелер экожүйеде маңызды рөл атқарады. Олар зиянды жәндіктердің санын азайтып, табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Баспасөз хатшысының у.м.а.: Ә.Көбенова













