2026 жылғы 27 сәуір күні Ақсуат ауданына қарасты Үштөбе ауылында маңызды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Үштөбе мастерлік учаскесінің орман шебері Қ.Жүнісов пен мемлекеттік инспекторлардың бастамасымен “Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі - 2026” экологиялық акциялары аясында “Тазалық – ортақ жауапкершілік” атты акция өтті.
 
 Аталған шараға Өкпеті орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Жалпы саны 37 адам жиналып, ауыл аумағын тазалау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. Оқушылар мен ұйымдастырушылар бірлесе отырып, қоқыс қалдықтарын жинап, табиғи аймақтардың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
 
 Акцияның басты мақсаты – жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын түсіндіру болды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтіп қана қоймай, қоғамда экологиялық сананы дамытуға ықпал етеді.
 
 Алдағы уақытта да осындай экологиялық акциялар жалғасын табады. Бұл бастамалар өңірдің тазалығын сақтауға және тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын жақсартуға бағытталған.
 
 Мемлекеттік инспектор: Қазтаев Нұржан Қазтайұлы.

 

 Государственный инспектор: Казтаев Нуржан Казтаевич.
 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95