«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2026 жылдың 28 сәуір күні, Үржар ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Джакупованың қатысуымен және «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Абай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің биология, география, пәндерінің ұстаздарына «Тарбағатай» МҰТП-нің ғылыми-зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасында пайдалану атты семинар өткізді.
Семинар барысында мектеп ұстаздарына «Тарбағатай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысын ұйымдастыру негіздерін, ұлттық парктің кластерлік аумақтарын, өсімдіктер және жануарлар әлемін таныстырып, Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің жұмыс бағыты және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін мектеп бағдарламасында пайдалану жолдарын талқылап, сондай-ақ ұлттық паркпен ынтымақтастықтың тиімді тұстарын атап өтіп, бірлесіп атқаруға болатын жұмыстарды ортаға салды.
Семинарға қатысушы ұстаздар ой-пікірлері мен ұсыныстарын да жеткізіп, мектеп пен ұлттық парк арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралардан қалыс қалмайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, жыл сайын ғылыми қызметкерлермен бірлесіп, оқыту семинарларын және ұлттық парк аумағында ғылыми танымдық экскурсиялар ұйымдастыруды ұсынды. Биология, география, бағытында ғылыми жоба қорғайтын мектеп оқушыларына ғылыми қызметкерлер бағыт-бағдар беріп, қажетті ақпараттармен бөлісе алатындығы жайлы да айтып өтті.
Мәтін авторы: Орнитолог А.Шәріпқанова;
Видео: Баспасөз хатшысының у.м.а. Ә.Көбенова.













