2026 жылдың 29 сәуірі күні “Тарбағатай” (зоологиялық) қаумалығында кезекті экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Орман шебері А. Өтешов пен мемлекеттік инспекторлардың бастамасымен “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы және “Парктер шеруі – 2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Серпінді сенбілік” өтті.
Аталған сенбілікке М. Әуезов атындағы мектептің оқушылары белсенді қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар мектеп ауласын тазалап, қоқыс қалдықтарын жинау жұмыстарын жүргізді. Оқушылар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын тәжірибе жүзінде көрсетті.
Мемлекеттік инспектор: Архат Амангелдіұлы.













