2026 жылғы 29 сәуір күні ұлттық парк қызметкерлері “Арлан” оқу орталығының оқушыларын табиғат аясына шығарып, “Табиғат балалардың көзімен” атты байқау ұйымдастырды.
 
 Байқау шарты бойынша қатысушылар Тарбағатай тауының баурайындағы шұғынық гүлін бақылап, А3 форматтағы қағазға гуашь пен қылқаламды пайдалана отырып сурет салды. Байқау барысында жұмыстар қазылар алқасының алдында орындалып, кейіннен көрме ұйымдастырылды. Көрме “Арлан” оқу орталығының ғимаратында өтті.
 
 Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде — Шалгыбеков Асылбек;
I орын — Аширова Нұрай;
II орын — Бейсен Әсел;
II орын — Туруспекова Саида;
III орын — Кенескалиева Керемет;
III орын — Канагатова Айзада.
 
 Аталған байқауды өткізуге үлес қосқан “Арлан” оқу орталығының меңгерушісі Габбасова Арай Айдаровнаға алғыс білдіреміз.
 
 Жүлдегерлерді марапаттау “Парктер шеруі – 2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтеді.
 
Мәтінін жазған: Рекреация және туризм жөніндегі инженер Дәулет Тоқтасынұлы.
Таспаға түсірген: Баспасөз хатшысының у.м.а. Әсем Көбенова.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95