📅 2026 жылдың 30 сәуірінде Қарабұйрат орманшылығының орман шебері Б.Қасенбаев пен мемлекеттік инспекторлар Барқытбел орта мектеп-бақшасының 8–10 сынып оқушыларымен бірге мектеп стадионында экологиялық акция ұйымдастырды.
🌱 Аталған шара “Таза Қазақстан” бағдарламасы мен “Парктер шеруі – 2026” халықаралық бастамасы аясында өткізіліп, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруды көздеді. Акция барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.
♻️ Іс-шараға барлығы 20 адам қатысып, әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосты. Жастардың белсенділігі мен табиғатқа деген жанашырлығы ерекше байқалды. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың экологиялық санасын арттырып, туған жерге деген жауапкершілігін нығайта түседі.
 
🖊️ Мемлекеттік инспектор: Рүстем Оспанов;
📹 Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95