“Әлет” туристік маршрутына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, демалушылар мен саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, маршрут бойындағы нысандар сырланып, бояу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ақпараттық баннерлер жаңартылды, қоқыс контейнерлері мен орындықтар арнайы орындарға қойылды және киіз үй орнатылды.
Жүргізілген жұмыстардың негізгі мақсаты – туристерге тартымды орта қалыптастыру және маршруттың эстетикалық көрінісін жақсарту. Ретке келтіру жұмыстары барысында аумақ тазартылып, инфрақұрылым элементтері біріздендірілді.
Нәтижесінде “Әлет” туристік бағыты жаңаша кейіпке еніп, келушілер үшін анағұрлым ыңғайлы әрі тартымды демалыс орнына айналды.
Мәтін: Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлім басшысының у.м.а. - Ринат Қабсаметов;
Сурет: Рекреация және туризм жөніндегі инженер - Дәулет Тоқтасынұлы.













