2026 жылдың 4 мамыр күні Үржар орманшылығының орманшылық басшысы Қуандық Шәріпқанов пен мемлекеттік инспекторлар Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 8 “В” сынып оқушыларымен бірлесе отырып, Үржар ауылында “Мөлдір бұлақ” атты экологиялық акция өткізді.
 
 Аталған шара “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы және “Парктер шеруі – 2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталды.
 
 Экологиялық акция барысында қатысушылар ауыл маңындағы бұлақ көздерін тазалап, айналасын қоқыстан арылтты. Мұндай шаралар жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.
 
 Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың міндеті екенін түсінді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай экологиялық акцияларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.
 
 “Мөлдір бұлақ” акциясы – табиғатты қорғау жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Табиғат – адамзаттың ортақ байлығы, сондықтан оны сақтау әрқайсымыздың борышымыз.
 
 Мемлекеттік инспектор: Ерлан Акильбеков.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95