2026 жылдың 06 мамыры күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасының 6-сынып оқушыларына арналған танымдық дәріс ұйымдастырды. Іс-шара “Қарабас тауы – Қазақстан арқарының мекені” тақырыбына арналды.
 
 Дәріс барысында мамандар оқушыларға Қарабас тауының табиғи ерекшеліктері, оның экожүйедегі маңызы және бұл аумақта мекендейтін Қазақстан арқары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, сирек кездесетін жануарларды қорғау, олардың санын сақтау және табиғатты аялау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
 
 Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Мұндай шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
 
 Шара соңында ұйымдастырушылар оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырды.
 
Мәтінін жазған: Аңшылықтанушы Нұршайықов Берік;
Фотоға түсірген: Экскурсия жетекшісі Сакиева Жансая.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95