2026 жылғы 08 мамыр күні Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары мен Көкөзек ауылының еріктілері ұлттық парк аумағында орналасқан Қусақ өзенінің жағалауында “Таза өзен – таза жағалау” атты экологиялық акция өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, өзен жағалауының тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болды. Акцияға қатысушылар өзен маңын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Тазалық жұмыстары барысында жалпы көлемі 0,7 гектар аумақ қамтылып, 0,05 тонна қоқыс жиналып шығарылды. Жиналған қалдықтар арнайы орындарға тасымалданып, өзен жағалауы толықтай тазартылды.
Акцияға қатысқан орманшылық қызметкерлері мен ауыл еріктілері табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Осындай шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және туған жер табиғатын келер ұрпаққа таза күйінде жеткізуге зор үлес қосады.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да экологиялық акцияларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Мәтін авторы: Үржар орманшылық басшысы Қуандық Шәріпқанов;
Видеоға түсірген: Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.













