2026 жылдың 08 мамыры күні Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары ұлттық парк аумағында кезекті сенбілік жұмыстарын өткізді.
 
Сенбілік барысында инспекторлар бұлақ көзін ашып, айналасын қоқыстар мен құрғақ қалдықтардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
 
Табиғи су көздерін қорғау және олардың тазалығын сақтау – экожүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар бұлақтың табиғи ағысын қалпына келтіруге және аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
 
Осындай сенбіліктер туған жер табиғатын сақтауға және өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге үлкен үлес қосады.
Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары алдағы уақытта да табиғатты қорғауға бағытталған тазалық және абаттандыру шаралары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
 
Мәтін авторы: Бақты орманшылық басшысы Фархат Хихматалимов;
Видео: Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95