2026 жылдың 11 мамыры күні Үржар орманшылығы мен Көкөзек орта мектебінің 8-сынып оқушылары және ұстаздары бірлесіп экологиялық акция өткізді. Іс-шара “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы мен “Таза Қазақстан” Жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ұлттық парк аумағында ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғат тазалығын сақтау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар өзен жағалауын қоқыстан тазартып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары нәтижесінде 0,2 гектар аумақ тазартылып, 0,02 тонна қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды. Осындай экологиялық шаралар табиғатты аялауға, туған жердің көркеюіне және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға үлкен септігін тигізеді.
Табиғатты таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау бағытындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мәтінін жазған: Мемлекеттік инспектор Екатерина Гергенрейдер;
Видеоға түсірген: Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.













