2026 жылдың 12 мамыры күні “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында экологиялық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға Абылайхан, Б.Момышұлы және Абай атындағы орта мектептердің 3–4 сынып оқушылары ата-аналарымен бірге қатысып, табиғатты қорғау бағытындағы білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.
 
Байқау бірнеше қызықты әрі танымдық кезеңдерден тұрды. Атап айтқанда:
🔹 «Тату команда»;
🔹 «Қоқысқа жол жоқ»;
🔹 «Жануарлардан пазл құрау»;
🔹 «Экологиялық белгілер».
 
 Қатысушылар әр кезеңде ұйымшылдық танытып, экологиялық мәдениет пен табиғатты аялау тақырыбында өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
 
 Алқа мүшелерінің қорытындысы бойынша:
 І орын — «Сұңқар» тобы (Абылайхан ОМБ);
 ІІ орын — «Табиғат сақшылары» тобы (Б.Момышұлы ОМ);
 ІІІ орын — «Шаңырақ» тобы (Абай ОМБ) иеленді.
 
 Байқауға қатысқан барлық отбасыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз. Жеңімпаз отбасыларды марапаттау рәсімі “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтеді.
 
 Табиғатты қорғау – әр отбасының ортақ міндеті!
 
Мәтін: Экскурсия жетекшісі: Д.Баяхметов;
Видео: Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95