2026 жылдың 13 мамыры күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Орман патолог инженері Н.Тұяқбаев пен мемлекеттік инспекторы Б.Кендірханов Мақаншы ауданы, Келдімұрат ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің 6–10 сынып оқушыларына арнайы дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға ұлттық парк аумағында кездесетін орман зиянкестері, олардың орман экожүйесіне тигізетін зияны және алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, орманды қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында маңызды ақпараттар берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, орман байлығын сақтаудың маңызын түсіндіру және қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Оқушылар дәріс барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды.
Мұндай танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың экологиялық білімін арттырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.
Фото: Экскурсия жетекшісі: Ж.Сакиева;
Мәтін: Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.













