2026 жылдың 14 мамыры күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Мақаншы ауданы, Келдімұрат ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің 6–8 сынып оқушылары бірлесіп, “Сенбілік – табиғатқа жанашырлықтың көрінісі” атты экологиялық акция өткізді.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғауға үндеу және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, табиғатты аялаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті. Табиғатқа жанашырлық танытып, еңбекке деген жауапкершіліктерін байқатты.
Мұндай экологиялық шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ парызымыз!
Экскурсия жетекшісі: Жансая Мейратқалиқызы.













