Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ және Грайфсвальд университетінің (Германия), Ресей ғылым академиясының В. Л. Комаров атындағы Ботаника институтының (БИН РАН) мамандарымен бірлесіп, «Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның нивальды экологиялық тобының миксомицеттерінің түрлері мен генетикалық алуантүрлілігін зерттеу» ғылыми жобасы аясында 2026 жылғы 30 сәуір мен 8 мамыр аралығында Тарбағатай таулары аумағында далалық зерттеу экспедицияларын жүргізді.
Экспедициялық жұмыстар барысында Тарбағатай тауларының биік таулы және қар сызығына жақын орналасқан ылғалды учаскелері, орманды-бұталы белдеулер, еріген қар маңындағы микрожүйелер мен органикалық қалдықтарға бай экотоптар зерттелді.
Экспедиция барысында Тарбағатай тауларының экожүйелеріндегі микологиялық әртүрлілікті зерттеуге маңызды деректер жиналып, өңірдің биоалуантүрлілігін сақтау мен ғылыми мониторинг жұмыстарын жетілдіруге негіз болатын материалдар алынды. Жоба нәтижелері болашақта ғылыми мақалалар жариялау, деректер базасын толықтыру және Қазақстанның микобиотасын зерттеу бағытындағы кешенді жұмыстарды дамыту үшін қолданылатын болады.
Биолог-мемлекеттік инспектор С.Мәженова.













