2026 жылғы 19 мамыр күні Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері Қызылту ауылының «Кішкенетау орта мектеп-бақшасы» КММ 9 және 11 сынып оқушыларына арналған Алет туристік маршрутында экологиялық, ғылыми-танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсияның басты мақсаты — жас ұрпаққа туған өлкенің табиғи байлығын таныстыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар Алет маршрутының ерекше табиғи нысандарымен танысып, өңірдің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар парк мамандары табиғатты қорғаудың маңыздылығы, экологиялық тепе-теңдікті сақтау және ұлттық парктің биоалуантүрлілікті қорғаудағы рөлі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Танымдық экскурсия оқушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың экология мен табиғатқа деген қызығушылығын арттырды. Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын дамытуға және табиғатты аялауға тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік жасалуда.
Мәтін: Биолог-мемлекеттік инспектор С.Мәженова;
Видео: Биолог-мемлекеттік инспектор Долдашева А.













