2026 жылдың 20 мамыры күні Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне орай Мектеп жанындағы интернаты бар М.Хасенов атындағы Бестерек орта мектебінің бақшасында 8–9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Табиғат ғажайыбы” тақырыбында көрме өтті.
Көрменің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға баулу, биологиялық әртүрліліктің маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында оқушылар табиғаттың әсемдігін бейнелейтін қолөнер бұйымдарын, суреттер мен шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясына белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Мәтін: Экскурсия жетекшісі: Д.Баяхметов;
Видео: Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.













