2026 жылдың 21 мамыры күні “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Мақаншы орманшылығының орман шебері А.Батырбаев пен мемлекеттік инспекторлары Қаратұма орта мектебінің 5-сынып оқушыларына арналған “Ұлттық парк аумағындағы Қызыл кітапқа енген құстар” тақырыбында семинар сабағын өткізді.
 
 Іс-шара барысында оқушыларға ұлттық парк аумағында кездесетін сирек әрі қорғауға алынған құстар туралы жан-жақты мәлімет берілді. Мемлекеттік инспекторлар Қызыл кітапқа енген құстарды сақтау, олардың табиғаттағы рөлі мен биоалуантүрлілікті қорғаудағы маңыздылығы жөнінде түсіндірді.
 
 Семинар барысында оқушылар табиғатты қорғау, құстарға қамқорлық жасау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында өз ойларын ортаға салды. Танымдық сабақ оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін нығайтты.
 
 Мемлекеттік инспектор: Нұрлан Скаков.
 
 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95