Сізді зейнеткерлік жасқа толып, құрметті еңбек демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз ұзақ жылдар бойы ұлттық парк аумағын көгалдандыру мен табиғатты көркейту жолында аянбай еңбек еттіңіз. Бағбаншы ретінде табиғатқа деген жанашырлығыңыз бен жауапкершілігіңіз ұжымға үлгі болды. Сіздің маңдай теріңіз бен адал еңбегіңізді бағалай отырып, “Тарбағатай” МҰТП” РММ директоры А.Серкебаев ұлттық парк ұжымының атынан Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейді.
Еңбегіңіздің жемісін көріп, зейнеттің қуанышын жақындарыңызбен бірге көре беруіңізге тілектеспіз. Еңбек жолындағы абыройыңыз әрдайым биік болсын!
Ізгі тілекпен,
“Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры А.Серкебаев пен ұлттық парк ұжымы.













