2026 жылдың 21 мамыры күні Мақаншы орманшылығының мемлекеттік инспекторлары А.Шидербаев, А.Габитов, Н.Қажибеков, Е.Есимбаев, Б.Сарсебаев және С.Қасенов Көктерек орта мектебінің оқушыларына “Өрт – тілсіз жау” тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – орман және дала өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру болды. Семинар барысында оқушыларға өрттің шығу себептері, оның табиғатқа және адам өміріне тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мамандар өрт кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, табиғат аясында демалу кезінде отты абайсыз қолданудың қауіпті екенін атап өтті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, танымдық әңгіме жүргізілді.
Семинарға барлығы 25 оқушы қатысты.
Автор: Арсен Габитов.













