2026 жылдың 22 мамыры күні Көктерек орта мектебінің 5-сынып оқушыларына арналған “Өрттің шығуы мен оның зардаптары” тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараға 20 оқушы қатысты.
 
 Семинарды Мақаншы орманшылығының орман шеберлері О.Нұрғалиев пен мемлекеттік инспектор Е.Жұмағұлов өткізді. Сабақ барысында оқушыларға орман және дала өрттерінің шығу себептері, өрт қауіпсіздігі ережелері, табиғатқа келтіретін зияны мен оның алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірілді.
 
 Сонымен қатар, өрт кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі, қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайда жедел әрекет ету жолдары айтылып, балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Семинардың мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
 
 Мемлекеттік инспектор: Ерлан Жұмағұлов.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95