2026 жылдың 26 мамыры күні Үржар аудандық мәдениет үйінде “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 1 сәуірден бастау алған “Парктер шеруі – 2026” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанаты өтті.
Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен дәстүрлі акция биыл да кең көлемде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен мектеп оқушыларының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді.
Екі айға созылған акция аясында жалпы саны 30 экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, экологиялық акциялар, шығармашылық байқаулар, экологиялық сабақтар мен семинарлар, көрмелер, брифингтер. Іс-шараларға жалпы 4600 адам қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарға өз үлестерін қосты.
Жабылу салтанатында акция барысында жеңімпаз оқушылар ұлттық парк директоры А.Серкебаевтың алңыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, белсенділік танытқан ұстаздарға Үржар ауданы әкімінің алғыс хаттары табысталды. Марапаттау рәсімін директордың орынбасары Н.Дүйсекенов атқарды.
“Парктер шеруі – 2026” акциясы табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың үлгісін көрсетті.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.













