Бақты орманшылығының орман шебері Ә.Көксегенов пен мемлекеттік инспекторлары Қарабұта ауылы әкімшілігінде шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, “Орман өрт қауіпсіздік шараларын сақтау” тақырыбында брифинг өткізді.
Іс-шара барысында орман және дала өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, табиғат аясында отты абайсыз қолданудың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құрғақ шөпті өртеуге тыйым салу, өрт шыққан жағдайда жедел хабар беру және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі айтылды.
Брифингке Қарабұта ауылының әкімі Д.Бөлебаев қатысып, ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарын табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Мемлекеттік инспектор: Токушев С.













