2026 жылдың 25 мамыры күні “Тарбағатай” МҰТП” РММ қызметкерлері Мектеп жанында интернаты бар М.Хасенов атындағы Бестерек орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларына «Leave No Trace KZ» ұлттық
challenge іс-шарасы аясында таулы маршруттарда “Із қалдырма!” қағидаттарын ілгерілету бойынша экологиялық сабақ өтті.
Сабақ тақырыбы: Табиғатты аяла - із қалдырма!
Мақсаты: оқушыларға табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Яғни:
* Табиғаттағы тәртіп ережелерін түсіндіру;
* Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
* «Leave No Trace KZ» қағидаларын таныстыру.
Қатысушылар саны: 30 оқушы, 5 ұстаз.













