Тарбағатай тауында арқарлардың төлдеу кезеңі көктем мезгіліне сәйкес келеді. Әдетте арқарлар сәуір айының басынан мамыр айының соңына дейін төлдейді. Бұл уақытта табиғат жаңарып, тау бөктерінде көк шөп шығып, жануарларға қолайлы жағдай қалыптасады. Аналық арқарлар төлдеу кезінде табыннан бөлініп, тыныш әрі қауіпсіз аймақтарды таңдайды.
Жаңа туған қозылар өте әлсіз болғанымен, бірнеше сағаттан кейін аяққа тұрып, енесіне ере бастайды. Арқар қозыларының орташа салмағы шамамен 4–5 килограмм болады. Аналықтары төлдерін бірнеше ай бойы сүтімен қоректендіреді. Бірнеше аптадан кейін қозылар жасыл шөппен қоректенуге бейімделеді.
Арқар – табиғат тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын жануар. Сондықтан олардың көбеюіне қолайлы жағдай жасау және мекен ету ортасын қорғау – мемлекетік инспекторлардың басты міндеттердің бірі.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.













