2026 жылдың 30 мамыры күні 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын ілгерілету, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Үржар аудандық әкімдігімен, эко-белсенділермен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп, «Сенбілік жұмыстары – тазалық таразысы» атты экологиялық акция өткізді.
 
Акция барысында қатысушылар белгіленген аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан, шөп-шаламнан тазартты.
 
 Іс-шараға ұлттық парк қызметкерлері, аудан әкімдігі өкілдері, эко-белсенді жастар және жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
 
Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Осындай экологиялық акциялар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
 
 Акцияға жалпы саны 67 адам қатысты.
 
 Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы: Ерзат Абдуллин.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95