Қазіргі уақытта «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында құстардың ұя салу және балапан өрбіту кезеңі жүріп жатыр. Құстар өз ұяларын ағаштарға, бұталарға немесе жер бетіне орналастырып, жұмыртқаларын басуда. Кейбір түрлердің балапандары жарық дүниеге келсе, енді біреулерінің балапандары жұмыртқадан шығуға әзірленуде.
Бұл кезең құстар үшін аса жауапты әрі сезімтал уақыт болып саналады. Сондықтан олар ұяларын сыртқы қауіп-қатерден қорғап, өте сақ әрекет етеді. Құстардың тыныштығын сақтау – олардың ұрпағының аман-есен өсіп жетілуінің басты кепілі.
Осыған байланысты ұлттық паркке келушілерден табиғат аясында демалу кезінде белгіленген бағыттардан шықпау, құстардың ұяларына жақындамау, қатты шу шығармау және жануарлар дүниесін мазаламау сұралады.
Табиғатты қорғау ережелерін сақтау арқылы әрбір адам құстардың көбеюіне қолайлы жағдай жасап, өңірдің биоалуантүрлілігін сақтауға өз үлесін қоса алады.
Орнитолог А. Шәріпқанова













