Табиғат – баршамызға ортақ аманат. Ал ондағы әрбір аң мен құс – табиғи тепе-теңдіктің маңызды бөлшегі.
 
 Заңсыз аңшылық – тек бір жануардың өмірін қию емес, тұтас экожүйеге зиян келтіру. Әсіресе төлдеу мен ұя салу кезеңінде атылған әрбір аң мен құс табиғатқа орны толмас шығын әкеледі.
 
 «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында аң-құс аулауға қатаң тыйым салынады. Ұлттық парк аумағында Қазақстан арқары, елік, түлкі, борсық, қасқыр және көптеген құс түрлері мекендейді. Оларды қорғау – ортақ міндетіміз.
 
 Заңсыз аңшылық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
 
 Табиғатты қорғау – тек инспекторлардың ғана емес, әрбір азаматтың парызы. Болашақ ұрпаққа бай табиғатты аман жеткізу үшін жануарлар дүниесін бірге қорғайық!
 
 Бір оқ – бір өмір. Бір өмір – табиғаттың баға жетпес байлығы.
 
 Еділ Жүнісов,
Үржар орманшылығының орман шебері.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95