2026 жылдың 3 маусымы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Қарабұта ауылының тұрғындары және мектеп оқушыларымен бірлесіп, 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық акция ұйымдастырды.
 
 Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын ілгерілету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
 
 Акция барысында қатысушылар ағаш отырғызу, аумақты тазарту бойынша сенбілік өткізу және бұлақ көздерін тазалау жұмыстарын жүргізді.
 
 Табиғатты қорғау және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған шараға барлығы 20 адам қатысты. Акция аясында Қарабұта ауылының аумағына 50 түп терек көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, бұлақ маңы қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосылды.
 
Мәтінін жазған: Мемлекеттік инспектор Ермек Жетпісов;
Видео авторы: Мемлекеттік инспектор Гүлім Рахметоллаева.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95