2026 жылғы 30 мамыр күні Қарабұйрат орманшылығына жақын орналасқан Теректі және Некрасовка ауылдарында улы жыландардың пайда болуына байланысты жергілікті тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Көктем мен жаз мезгілдерінде ауа райының жылынуына байланысты жыландар белсенділігі артады. Осыған орай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік инспекторлар халыққа сақтық шаралары туралы ақпарат берді.
 
 Түсіндіру барысында тұрғындарға жылан кездескен жағдайда оған жақындамау, ұстап көруге немесе өлтіруге әрекет жасамау, балаларды қауіпсіз жерге алып кету қажеттігі айтылды. Сондай-ақ табиғат аясында демалу кезінде қалың шөпті жерлерде абай болу, жабық аяқ киім кию және белгіленген соқпақтармен жүру жөнінде ұсыныстар берілді.
 
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және табиғаттағы жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауды насихаттау.
 
 Іс-шараға мемлекеттік инспекторлар Н. Макаулов, З. Бегешов және Р. Омаров қатысты.
 
 Автор: мемлекеттік инспектор Руслан Омаров.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95