2026 жылғы 2 маусым күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Әлемді және Қарабұйрат сарқырамасы аумақтарында табиғи ортаның тазалығын сақтау мақсатында қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді.
 
 Іс-шара барысында демалыс орындары мен туристік бағыттардағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Мұндай шаралар табиғаттың тазалығын сақтауға және келушілердің экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
 
 Сонымен қатар инспекторлар бекітілген айналымдарда патрульдеу жұмыстарын ұйымдастырып, табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында шолып-тексеру жұмыстарын жүргізді.
 
 Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде қызметкерлер техника қауіпсіздігі талаптарын толық сақтап, белгіленген нысаналы киім үлгісінде қызмет атқарды.
 
 Табиғатты қорғау және оның тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет. Ұлттық парк қызметкерлері алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
 
Автор: Алмас Серікжанов, Қарабұйрат орманшылығының орман шебері.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95