2026 жылғы 3 маусым күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Е.Түсіпбеков пен Е.Скаков   Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Н.С. Кертаевпен бірлесіп табиғатты қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.
 
 Рейд барысында Бестерек ауылдық округіне қарасты Қазымбет ауылы маңындағы Ақтоғай өзені аумағына тексеру жұмыстары атқарылды.
 
 Іс-шара барысында заңсыз аң аулау, браконьерлік, ағаштарды заңсыз кесу, өрт қауіпсіздігі және табиғат қорғау заңнамасын бұзудың өзге де фактілерін анықтау мақсатында бақылау жүргізілді.
 
 Рейд қорытындысы бойынша аталған аумақта табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректері анықталған жоқ. Тексеру барысында заңсыз аңшылық, браконьерлік, ағаш кесу және басқа да құқық бұзушылық фактілері тіркелмеді.
 
 Осындай бірлескен іс-шаралар құқық қорғау органдары мен табиғат қорғау мекемелері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, өңірдің табиғи байлықтарын сақтау мен биоалуантүрлілікті қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
 
 Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы Ерлан Скаков.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95