2026 жылдың маусым айында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары аумақтағы шаруа қожалықтарында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында шаруа қожалықтарының иелері мен жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, жазғы маусымда өрт шығу қаупінің артуына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі айтылды. Әсіресе, құрғақ шөп пен өсімдік қалдықтарын өртеуге жол бермеу, ашық отты абайлап пайдалану және өрт шыққан жағдайда жедел әрекет ету тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, өрттің алдын алу бойынша арнайы жадынамалар таратылып, төтенше жағдай орын алған жағдайда хабарласатын байланыс нөмірлері таныстырылды.
Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – өрттің алдын алу, табиғи ресурстарды сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет!
Автор: Мемлекеттік инспектор Пугачев Александр.













