2026 жылғы 11 маусым күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшілері Ж.Сакиева мен Д.Баяхметов «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 5-7 сынып оқушыларына арналған танымдық экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында оқушыларға «Тарбағатай: табиғат пен мәдени мұраны сақтау» тақырыбында ұлттық парк аумағының табиғи ерекшеліктері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, Сиверс алмасы туралы мағлұмат, табиғи нысандарды қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Экскурсия барысында қатысушылар табиғатты қорғау шаралары туралы пайдалы мәліметтер алып, туған өлкенің табиғи мұрасына деген қызығушылықтарын арттырды.
Экскурсияға 7 адам қатысты.
Мәтінін жазған: Экскурсия жетекшісі Ж.Сакиева;
Видеоға түсірген: Биолог А.Долдашева.













