Құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт қаупі 5-класс деңгейіне жетті.
Осыған байланысты азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Орман мен далада от жақпауға, темекі тұқылын тастамауға, құрғақ шөп пен қоқысты өртемеуге кеңес береміз.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті. Өрттің алдын алу арқылы орман байлығын және қоршаған ортаны сақтап қалайық!
Мақаншы орманшылығының мемлекеттік инспекторы: Бабаханов Эльдар.













