Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман қоры аумағындағы өрттердің алдын алу мақсатында Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Е.Омаров, А.Сүлейменов және А.Баужанов өздеріне бекітілген аумақтарда орналасқан өрт сөндіру құралдары орналастырылған қалқандарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында өрт қалқандары сырланып, жаңартылып, олардың техникалық жағдайы тексерілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру құралдарының толықтығы мен дұрыс орналасуына назар аударылып, қажетті жұмыстар атқарылды.
Мұндай іс-шаралар орман аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрттің алдын алуға және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Автор: Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторы Айдар Баужанов.
Өрт қауіпсіздігі құралдарына реттеу жұмыстары жүргізілді.
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












