Ұлттық парктің Қарабұйрат орманшылығы аумағында табиғи экожүйелердің маусымдық өзгерістерін зерттеу және бақылау мақсатында мемлекеттік инспекторлар фенологиялық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп жатыр.
Бұл жұмыстар табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін тіркеуге бағытталған.
Фенологиялық бақылау барысында инспекторлар ағаштар мен бұталардың жапырақ жаюы, гүлдеуі, жеміс беруі, жапырақ түсуі сияқты кезеңдерді белгілейді. Сонымен қатар ауа райының өзгерісі мен табиғи ортаның жағдайына әсер ететін факторлар да есепке алынады.
Алынған мәліметтер экожүйелердің жай-күйін бақылауға, климаттық факторлардың әсерін бағалауға және биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Автор: Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторы Кенжеғали Оспанов.













