«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орманшылығы аумағында жануарлар дүниесін қорғау және олардың тіршілік ету ортасын жақсарту мақсатында биотехниялық іс-шаралар жүргізілді.

Аталған жұмыстар барысында құстарға арналған ұялар мен жемсауыттар орнатылып, жабайы жануарларға арналған науалар жасалды. Сонымен қатар жануарлардың қоректік қорын толықтыру мақсатында жем салынып, 180 килограмм тұз қойылды.

Биотехниялық шаралар жабайы жануарлар мен құстардың санын сақтауға, олардың қолайсыз табиғи жағдайларды еңсеруіне және табиғи ортадағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай жұмыстар ұлттық парк аумағында тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін сақтау – ұлттық парктің негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан жабайы жануарлар мен құстарға қамқорлық жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 Мемлекеттік инспектор
Қонаев Асхат.

 

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95