Жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуі мен құрғақшылықтың әсерінен дала және орман өрттерінің шығу қаупі артады. Өрт табиғатқа орасан зор зиян келтіріп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қауіп төндіреді, сондай-ақ адамдардың өмірі мен мүлкіне де залал келтіруі мүмкін.
Өрттердің басым бөлігі адам әрекетінен туындайды. Сондықтан әрбір азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы қажет. Орман мен дала аумақтарында от жағуға, сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға, құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге болмайды. Сонымен қатар табиғат аясында демалғаннан кейін қоқысты жинап, қорғалатын аумақтардың тәртібін бұзбау маңызды.
Өрттің алдын алу – табиғатты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Табиғи байлықтарымызды сақтау үшін әрбір тұрғын жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындауы тиіс.
Егер өрт немесе түтін байқалса, дереу 112 нөміріне хабарлау қажет. Уақтылы берілген ақпарат өрттің кең таралуының алдын алып, оның салдарын азайтуға мүмкіндік береді.
Табиғатты қорғау – келешекті қорғау! Табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған өлкеміздің байлығын болашақ ұрпаққа бірге сақтайық.
Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторы: Ертіс Темірғалиев.
Дала өрттерінің алдын алу – ортақ міндет.
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












