Табиғи кешендерді сақтау және орман қоры аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары тұрақты түрде күзет-қорғау жұмыстарын жүргізуде.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде шаруа қожалықтарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы үнпарақтар таратылды.
Мемлекеттік инспекторлардың жұмыс дәптерлері мен күнделіктері талапқа сай толтырылып, атқарылған жұмыстар тіркелді.
Бекітілген аумақтарға бақылау жүргізіліп, табиғат қорғау заңнамасының сақталуы қадағаланды.
Табиғатты қорғау – келешекті қорғау Табиғатқа жанашырлықпен қарап, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз!
Автор: Қарабұйрат орманшылығының орман шебері Руслан Омаров.













