Табиғатты қорғау және демалыс орындарында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Іс-шара барысында келушілерге қоршаған ортаны ластамаудың маңыздылығы түсіндіріліп, тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған экологиялық пакеттер таратылды. Мамандар табиғат аясында демалу кезінде қоқысты арнайы орындарға тастауға және демалыс орындарының тазалығын сақтауға шақырды.

 Мұндай жұмыстар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға ықпал етеді.

 Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұрамыз!

Мәтінін жазған: Экскурсия жетекшісі Жансая Сакиева.
Видео авторы: Орман өрт сөндіру стансасының басшысы Елдос Күлетбаев.

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95