Табиғи кешендерді, жабайы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтың белгіленген режимінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Зайсан (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары тұрақты түрде рейдтік-патрульдік іс-шаралар жүргізуде.

 Рейд барысында инспекторлар жануарлар мекендейтін негізгі учаскелерге бақылау жасады. Сонымен қатар табиғат қорғау заңнамасының сақталуы тексеріліп, заңсыз аңшылықтың, табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу шаралары жүргізілді.

 Іс-шара аясында аумақта кездескен азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта белгіленген талаптарды сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндірме беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

 Патрульдеу кезінде инспекторлар табиғи ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізіп, өсімдік жамылғысының маусымдық өзгерістерін бақылап, флора мен фаунаның сақталу жағдайын бағалады. Мұндай жұмыстар биоалуантүрлілікті сақтау мен табиғи экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

 Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз!

Орман шебері: Аманжол Өтешов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95