Табиғат қорғау режимінің сақталуын қамтамасыз ету және келушілердің ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында «Қусақ» туристік маршрутына «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» атты қосымша ескертпе тақташасы орнатылды.

 Жұмыстар Үржар орманшылығының қызметкерлері, № 5 учаскенің орман шебері Е.Жунусов, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлар Е.Акильбеков, К.Гергенрейдер және Е.Гергенрейдер бірлесіп жүргізді.

 Орнатылған жаңа ескертпе тақташа келушілерге табиғатқа ұқыпты қараудың, ерекше қорғалатын табиғи аумақта белгіленген тәртіп талаптарын сақтаудың және бірегей экожүйені келер ұрпақ үшін қорғаудың маңыздылығын еске салады.

 Табиғи мұраны сақтауға үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

 Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторы: Екатерина Гергенрейдер.

 

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95