Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы жануарлардың тіршілік ортасын жақсартуға бағытталған биотехниялық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.
Аңшылықтанушылардың бастамасымен ұйымдастырылған жұмыстар барысында жануарларға арналған қоректендіру алаңдары тексеріліп, қажетті минералды тұздар (солонец) толықтырылды. Сонымен қатар, аң-құстардың қозғалысын бақылауға арналған фототұзақтар орнатылып, олардың техникалық жай-күйі қаралып, жұмыс қабілеті тексерілді.
Биотехниялық жұмыстар аясында ұлттық парк орманшылықтарына жалпы 2 500 кг минералды тұз бөлініп, қоректендіру алаңдарына жеткізілді. Оның ішінде:
• Үржар орманшылығына – 540 кг;
• Мақаншы орманшылығына – 880 кг;
• Бақты орманшылығына – 720 кг;
• Қарабұйрат орманшылығына – 360 кг минералды тұз жеткізілді.
Бұл жұмыстар жабайы жануарлардың санын бақылауға, олардың табиғи мекендеу ортасын сақтауға және ғылыми мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Биотехниялық шаралар ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрлілікті сақтау мен қорғаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
🌿 Табиғатты қорғау – келешекті қорғау!
Автор: Аңшылықтанушы Жақманов Мерхат.













