Орман – табиғаттың баға жетпес байлығы, жануарлар мен өсімдіктердің мекені, таза ауаның негізгі көзі. Сондықтан орманды сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Өкінішке қарай, заңсыз ағаш кесу фактілері табиғатқа орасан зиян келтіріп, экожүйенің тепе-теңдігін бұзады.

 Заңсыз ағаш кесудің салдарынан орман алқаптары азайып, топырақ эрозиясы күшейеді, көптеген құс пен аң-құстың табиғи мекені жойылады. Бұл өз кезегінде биоалуантүрліліктің азаюына және табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

 «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман қорын қорғау және заңсыз ағаш кесудің алдын алу мақсатында мемлекеттік инспекторлар тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп, орман алқаптарына бақылауды күшейтуде. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасында табиғатты ұқыпты пайдалану және табиғат қорғау заңнамасын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 Әр азамат табиғатқа жанашырлық танытып, заңсыз ағаш кесу деректеріне бейжай қарамауы тиіс. Орманды сақтау – келешек ұрпаққа жасыл табиғатты аманат ету деген сөз.

 Табиғатты бірге қорғайық! Орманымызды сақтайық! 🌿

 Авторы: Үржар орманшылық басшысының көмекшісі Мақпал Аманғазы.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95