Табиғатты қорғау – баршаға ортақ қасиетті міндет. Орман мен дала – халқымыздың баға жетпес байлығы, келер ұрпаққа аманат. Осы асыл қазынаны сақтауда Тарбағатай мемлекеттік ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторларымен бірге өрт қаупі кезеңінде қызмет атқаратын орман өрт сөндіру стансасының қызметкерлері де аянбай еңбек етеді.

 Олар бекітілген кестеге сәйкес кезекшілік атқарып, өрттің алдын алу шараларын жүргізеді және табиғи байлықты қорғауға бар күш-жігерін жұмсайды. Бұл – тек қызмет емес, табиғатқа деген жанашырлық пен елге деген адалдықтың жарқын көрінісі.

 Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, әрбір тіршілік иесін қорғау – болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік. Бүгін сақталған әрбір орман – ертеңгі ұрпақтың амандығы мен ел болашағының кепілі.

 Орман өрт сөндіру стансасының қызметкерлеріне табиғатты қорғау жолындағы адал еңбектері үшін алғыс білдіреміз!

 Үржар орманшылық басшысының көмекшісі: Мақпал Аманғазы.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95