2026 жылғы 14–15 шілде күндері «Тарбағатай» МҰТП» РММ директорының орынбасары, заңгер Дүйсекенов Нұрлан Ақашұлы Үржар, Қарабұйрат, Мақаншы және Бақты орманшылықтарына барып маңызды жиын өткізді.

 Жиын барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 3 шілдеде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесінің хаттамасы талқыланды.

 Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң орындау, жеке жауапкершілікті арттыру және 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын сапалы әрі уақытылы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 Сондай-ақ тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны және орындаушылық тәртіпті бұзған жағдайда заңнамаға сәйкес тәртіптік жауапкершілік қолданылатыны ескертілді.

 Баспасөз хатшысының у.м.а. Әсем Көбенова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95