«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Қарабұйрат орманшылығында жабайы жануарлардың қоректік базасын жақсартуға бағытталған биотехниялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Қарабұйрат орманшылығының орман шебері Руслан Омаров пен мемлекеттік инспекторлардың күшімен 2 дана шөп салатын азық науасы жаңартылуда. Бұл жұмыстар қыс мезгілінде жабайы жануарларды қосымша азықпен қамтамасыз етуге арналған биотехниялық іс-шаралардың маңызды бөлігі болып табылады.
Шөп салатын азық науалары марал, елік және басқа да тұяқты жануарлардың табиғи ортада қолайлы тіршілік етуіне жағдай жасап, олардың қоректік қорын толықтыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық парк аумағында жабайы жануарларды қорғау және олардың мекендеу ортасын жақсартуға бағытталған биотехниялық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Мемлекеттік инспектор: Нұрлан Нұрмұханов.













